Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанның Жогорку Кенешіне (парламентіне) өту үшін алты партия 5 пайыздық кедергіні еңсерді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ОСК сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Республиканың заң шығарушы органына келесі партиялар кіреді: «Бутун Кыргызстан», «Альянс», «Ыйман Нуру», «Ынтымак», «Ишеним» и «Ата-Журт Кыргызстан».
Қырғызстан ОСК мәліметтеріне сүйенсек, қалған 15 партия сайлауда бес пайыздық кедергіні еңсере алмаған және жетінші шақырылымдағы парламентке өтпеген.
Еске сала кетейік, 28 қарашада Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау өтті.