• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қараша, 2021

Ыстанбұлда дауылдан жараланғандардың саны 38 адамға жетті

245 рет
көрсетілді

Түркияның денсаулық сақтау министрлігі Ыстанбұлдағы дауылдан жараланғандардың саны 38 адамға жеткені жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала билігі қатты желдің салдарынан төрт адам қаза тауып, 19 адам жарақат алғанын хабарлаған.

«Табиғи апат салдарынан 38 адам жарақат алды, тағы 4 адам қайтыс болды», делінген министр Фахреттин Ходжаның хабарламасында.

Бұған дейін Түркияның жағалау күзеті басқармасы қатты желдің салдарынан Босфор бұғазындағы кемелер қозғалысын тоқтата тұруға мәжбүр болып отырғаны туралы хабарлаған еді. Дәл сол себепті Turkish Airlines авиакомпаниясының бірнеше ұшақтары Ыстанбұлға қона алмаған.