• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Қараша, 2021

Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық талқыланды

328 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Пандемияға қарсы күрес, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша күш-жігер жұмылдыру мәселелеріне баса мән берілді.

Президент Қазақстанда пандемияға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ ДДСҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында коронавирустың жаңа штаммдарына бірлесіп қарсы тұру үшін басқа елдерге үндеу тастағанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мультилатерализм жүйесінің негізі болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дүниежүзілік ұйымның қағидаттарына, мақсаттары мен міндеттеріне бейілді болды және солай бола береді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосатынын және осы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.

Кездесуде Орталық Азиядағы ахуал, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясын (UNAMA) Алматыда орналастыру мәселесі, Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын өз аумағында құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, адам құқықтары мен бостандығы, гендерлік мәселелер сөз болды.

Татьяна Валовая Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің осы уақыт аралығында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2011-2013 жылдары өзі басқарған БҰҰ-ның Женева бөлімшесіндегі ұжымының ыстық сәлемін және ізгі тілектерін жеткізді.