Перуде болған жер сілкінісі кезінде 3 жасар бала қайтыс болды. Бұл туралы Амасонас өңірінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Элиас Боркес мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сәбидің үстіне ондаған тақтайлар құлаған. Ауыр жарақат салдарынан ол таңертең қайтыс болды», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Перуде 7,5 балдық жер сілкінісі жексенбі күні болды. Елдің солтүстігін қамтыған зілзала дүмпуі көрші Эквадорға дейін жетіп, аталмыш елдің инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешендеріне зардабын тигізді.