Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) қысқы Универсиаданың өткізілмейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жарыстар бұған дейін 2021 жылдың қаңтар айынан кейінге шегеріліп, 11-21 желтоқсан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Швейцария билігі COVID-19 омикрон-штамы табылған бірнеше мемлекетке елге кіруге шектеу қойды. Универсиаданы өткізбеу туралы шешім FISU мен студенттік ойындарды ұйымдастыру комитетінің кездесуінде қабылданды.
«Швейцарияға және бүкіл әлемге кіру шектеулеріне байланысты біз 2021 жылғы қысқы Универсиаданы өткізбеу туралы шешім қабылдауға мәжбүрміз. FISU атынан мен бұл спорттық іс-шараны өткізу үшін аянбай еңбек еткен ұйымдастыру комитетіне алғыс білдіргім келеді», деді FISU президентінің міндетін атқарушы Леонц Эдер.