• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 02 Желтоқсан, 2021

Жалғас қарсыласын жазалауға дайын

515 рет
көрсетілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC жауынгері Жалғас Жұмағұлов «Ушатайка: Спорт-Экспресс» ютуб арнасына сұхбат беріп, алдағы жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін аузына келгенді оттаған Манель Капенің бос сөздеріне қатысты қазақ оғланы өз пікірін еркін жеткізді. 

«Оның Борат деген әңгімелері бос сөз. Ондай фильм біздің елде түсірілген емес. Қазақтың тарихы тереңде жатыр. Ол кімге қарсы сегіз бұрышқа шығатынын біледі. Сондықтан қазірден «жанып» жүр. Мен бұл шайқасты қысқа мерзімді хабарламадан кейін қабыл алдым. Ондай қадамға жәй бармаймын, дайын болған соң тәуекелге бел будым. Капенің бар әрекеті мені ызаландыру екені түсінікті. Онысынан түк шықпайды. Мен өте салқынқандымын. Жекпе-жекке шығамын да, өз жұмысымды істеймін.

Есі дұрыс адам Борат деген әңгіменің бәрі былшыл екенін біледі. Ол өзі кездесуден кейін кешірім сұрап қолын ұсынса ғана қол беремін. Ал өзім оның қолын қыспаймын», деді қазақ спортшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов пен анголалық Манель Капе арасындағы жекпе-жек бесінші желтоқсан күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар