• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 03 Желтоқсан, 2021

Сарапшы Головкинді қатты сынап тастады

408 рет
көрсетілді

Boxingnews24.com сайтының авторы Мэтт Либерман IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді сынап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Карантин Жапонияда жыл бойы созылса, Головкиннің жағдайы қалай болмақ? Қазақ боксшысы жас пері емес. Тұтас бір жылды жоғалтуға болмайды. Геннадий бұған дейін-ақ өзінің репутациясын былғап алды. Ол 2019 жылдан бастап шаршы алаңға жылына бір ғана мәрте шыға бастады. Қырыққа келген боксшы үшін бұл жақсылықтың нышаны емес. Ол жаңа нұсқаларды қарастырып, тығырықтан шығатын жол іздеуі керек», деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жек уақыты кейінге шегерілген болатын. Шайқас жобамен көктем мезгілінде өтуі ықтимал деген болжам жасалғанымен, әзірге нақты ақпарат жоқ.