• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Желтоқсан, 2021

Богдан Зеленскийді «аккаунтымды бұзбақ болды» деп айыптады

250 рет
көрсетілді

Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Богдан президент Владимир Зеленский мен Украинаның қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Баканов оның Telegram арнасын бұзуға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Вовчик, нені оқығыңыз келеді?» деп жазды Богдан өзінің Facebook-тегі парақшасында. Сондай-ақ ол мессенджерден келген аккаунтты растау кодтары бар хабарламалардың скриншоттарын жариялады.

Ол сонымен қатар Украинаның қауіпсіздік қызметі арнасын бұзумен айналысқанын айтты. «Қауіпсіздік қызметі басқарма бастығының тегі – Левченко. Осы іспен сол айналысты», деп жазды Богдан.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленский Богданды өткен жылдың ақпанында жұмыстан қуған болатын.