Кәсіби мансабында уақытында екі салмақта әлем чемпионы атанған кәсіпқой бокс аңызы Рикки Хаттонның ұлы Кэмпбелл Хаттон бесінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Испанияның Бильбао қаласында өткен бокс кешінде венгриялық Аттила Череклиеге қарсы шаршы алаңға көтерілген кіші Хаттон алғаш рет қарсыласын нокаутпен жеңді. Алты раундқа жоспарланған кездесу екінші раундта мәресіне жетті. Алдымен венгриялық төреші үш мәрте есеңгіреп қалды. Бұдан соң нокаутпен жеңіліс тапты. Осылайша Аттиланы атынан түсірген Хаттон кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.