• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 04 Желтоқсан, 2021

Жоспарын жоққа шығарды

407 рет
көрсетілді

Журналист Уилл Аронс қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы белгілі промоутер Эдди Хирннің жоспарын жоққа шығарғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Соққысы сойқан Жәнібек Әлімханұлы промоутер, Matchroom Boxing жетекшісі Эдди Хирннің бүкіл жоспарына кедергі келтіріп отыр. Ол жуық арада америкалық боксшы, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені Жәнібекке қарсы шығарғысы келген жоқ. Хирн өз боксшысының Джермалл Чарломен немесе Хайме Мунгиямен қолғап түйістіргенін қалады. Алайда оның ойы іске аспады. Енді Андраде амалдың жоқтығынан Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге мәжбүр болады», дейді журналист.

Естеріңізге сала кетейік, бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын Деметриус Андраденің міндетті қарсыласы етіп бекіткен болатын.