• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Желтоқсан, 2021

Омикрон штаммы Замбияға жетті

344 рет
көрсетілді

Замбияда коронавирустық инфекцияның омикрон штаммымен ауырған үш науқас тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

«Кеше Замбияда омикрон штаммымен ауырған үш жағдай анықталды. Олар осы аптада тіркелген 60 оң нәтиженің ішінен шықты», делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше отырыстың нәтижелері бойынша Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа нұсқасын «алаңдаушылық тудыратын дерт» деп жіктеуге шешім қабылдаған еді.