Iraqi Airways әуекомпаниясы Беларуссиядан 420-ға жуық Ирактың мигрантын өз Отанына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Ирактың ұшағы Минск әуежайынан Эрбилге ұшып кетті.
«Бүгін Iraqi Airways әуеакомпаниясының Минск-Эрбил бағытындағы рейсі 419 жолаушыны тіркеді. Олардың қатарында 415 ересек адам және 2 жасқа дейінгі 4 бала бар», деп хабарлады Минскідегі әуежайдың баспасөз қызметі.
Қараша айында Беларуссия мен Польша шекарасында мигранттар тобы жиналды. Олардың дені негізінен күрдтер болды. Босқындардың саны шамамен 2 мыңнан асқан.
Босқындар Польшамен шекарадағы «Брузги» өткізу пунктінен Польшаға өтуге тырысты, бірақ поляк қауіпсіздік күштері бұл әрекетті арнайы құралдардың көмегімен тоқтатты. Беларуссия билігі мигранттарды осында қалдыру үшін шекара маңындағы өткізу пунктіне жақын жерде орналасқан көлік-логистикалық орталықты дайындады.