АҚШ пен Ресей президенттері Джо Байден мен Владимир Путин сейсенбі күні кешкі уақытта бейнебайланыс арқылы бірнеше мәселені талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол өз жазбасында екі держава басшысының нақты қай уақытта әңгімелесетінін ашып айтпады.
«Екі ел басшысының әңгімелесуі кешкі уақытқа жоспарланған. Сағат қаншада байланысқа шығатындарын өздері анықтайтын болады», делінген Песковтың хабарламасында.