Кәсіпқой бокс әлеміндегі белгілі промоутер Лу Дибелла Top Rank жетекшісі Боб Аруммен сөйлескенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, австралиялық боксшы Джордж Камбосостың промоутері Лу Дибелла: «Әңгімелесу барысында Боб Арум Василий Ломаченоны Джордж Камбососпен кездестіргісі келетінін айтты», деп мәлімдеді.
«Джорд келесі жекпе-жегін Австралияда өткізеді. Қазір біз бұл мәселе бойынша келіссөздерді бастап кеттік. Қызығушылық танытып отырған тараптар жеткілікті. Боб Арум маған қоңырау шалғанда мен оған Василий алдымен Ричард Коммиді жеңуі керектігін ескерттім. Әрине, Ломаченко жеңіске жетсе, оның командасымен де келіссөздер жүргізіледі. Одан өзге де нұсқалар баршылық. Солардың бірі – Джервонта Дэвис.
Дәл қазір жеңіл салмақтың патшасы – Джордж Камбосос. Мен ұсыныстарды жеткізіп отырамын. Ал нақты шешімді Джордж өзі қабылдайды. Алайда Джордж әзірге ешқандай асығыс шешім шығарған жоқ. Ол жеңіл салмақтағы жағдайды бақылап отыр», деді промоутер өз ойын түйіндеп.