• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 05 Желтоқсан, 2021

Үш жеңіліс, бір жеңіс: Жалғас Жұмағұловтың UFC-мен келісімшарты аяқталды

650 рет
көрсетілді

Аса жеңіл салмақта ел намысын қорғап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшарты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін қазақстандық спортшы келісімшартта көрсетілгендей соңғы жекпе-жегін өткізді. Бәлкім анголалық Манель Капені жеңгенде ұйым басшысы Дана Уайт жаңа келісімшарт ұсынар ма еді, кім білсін? Өкінішке қарай отандасымыз қарсыласынан бірінші раундта жеңіліп қалды. Қысқасы, төрт шайқаста бір ғана мәрте жеңіске жетіп, үш рет жеңілістің кермек дәмін татқан отандасымыздың UFC-дегі сапарына нүкте қойылған секілді. Енді ол басқа лигаларда октагонға шықпаса, Дана Уайт спортшыны өз ұйымында қалдырмайтыны сөзсіз.