Сирия мен Ирак шекарасындағы америкалық базада жарылыстар болды, деп хабарлайды Egemen.kz САНА агенттігіне сілтеме жасап.
Деректерге сенсек, аталмыш база маңынан жарылыс дыбысы бірнеше мәрте естілген.
Агенттік тілшісінің айтуынша,Сирия мен Ирак шекарасындағы Хомс қаласының шығысындағы Ат-Танф аймағындағы америкалық базаның аумағында бірнеше мәрте жарылыс болған. Әзірге зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ.