Ақтөбе облысында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастыру үшін 16 казино қызметін ұсынған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойын бизнесі есебінен қылмыстық топ өзінің қылмыстық әрекетінің басқа түрлерін қаржыландырады. Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру деректерінің, сондай-ақ қылмыстық топтар қызметінің жолын кесуде.
Мысалы, Ақтөбе облысында аумақтық департамент қызметкерлері құрамында 10 адам - А.Әбубәкіров, З.Әміржанов, А.Дүймұханова, А.Бекназаров, Т.Ізбағанбетов, Ж.Еспамбетов, А.Матаюпов, Қ.Сағынтаев, А.Таржанов, Р.Шаграев бар ұйымдасқан қылмыстық топты жойды.
Оның мүшелерінің рөлдері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері» (ақша қаражатын инкассациялау) болып бөлінді.
Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңсе түрінде 16 заңсыз ойын мекемесін - электрондық казино ұйымдастырды Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған.
ҰҚТ-ның барлық мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.