• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Желтоқсан, 2021

Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогы өтеді

215 рет
көрсетілді

Алматыда таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. Турнир 6-8 желтоқсанға жоспарланған. 

Жарыстың бірінші күнінде ерлер 54, 74 және 80 килоға дейінгі салмақтарда сынға түседі. 

Сондай-ақ әйелдер 46, 57, +73 кило салмақта өзара мықтыны анықтайды.