• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Желтоқсан, 2021

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында екінші рет жеңілді

225 рет
көрсетілді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында тағы да ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел құрамасы әлем чемпионаты аясында осымен екінші қарсылас командаға жол берді. Румынияға қарсы өткен матч 38:17 есебімен қарсылас команданың еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы бұған дейін Норвегия спортшыларымен кездесіп, есе жіберген болатын. Ал ел құрамасының келесі қарсыласы Иран гандболшылары болмақ.

Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Испанияда өтіп жатыр.