• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Президент 06 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

296 рет
көрсетілді

Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел президенттері Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. 

Жиын соңында Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.