UFC жауынгері, екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс чемпионы Конор Макгрегор ресейлік аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта жеңілістің керемек дәмін татпай кәсіби мансабын аяқтаған, әлем үздігі болған Хабиб Нурмагомедовтың кәсіби мансабы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ол сегіз бұрыш ішінде жылап, өзін рейтингте жоғары қоюды сұрап жүрді. Хабиб бірнеше аптаға ғана жақсы спортшы бола білетін. Нурмагомедов кәсіби мансабын аяқтады. Сөйте тұра өзін рейтингте бірінші орынға қоюды сұрады. Өте күлкілі. Иә, ол жақсы спортшы болды. Бірақ, ешқашан ұлы спортшылардың тізіміне енген емес. Хабибтің нокауттар көрсеткіші өте төмен. Ешқашан аяғымен соққысын дарыта алмайтын. Бірде-бір рет салмақ дәрежесін өзгерткен емес. Соның салдарынан салмақ қуа алмай, бірнеше мәрте шайқастардан қашып құтылды. Кәсіби мансабын да ерте аяқтады. Мұның бәрі оның қатардағы жақсы спортшы болғанын ғана білдіреді», дейді ирландиялық саңлақ.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов дәл осы Конор Макгрегорды қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.