Қарағандыда Saryarka үстел теннисі орталығында Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды IV кезеңі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ашық біріншілік 10-12 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Суперлигада 10 клуб, ал жоғарғы лигада 23 клуб өзара бақ сынайтын болады. Үздік алтылық сапында «Астана» (Нұр-Сұлтан), Sigma (Шымкент), Greenwill (Ақтөбе), КНТ «Қарағанды», «Казаэронавигация» (Нұр-Сұлтан), «Шолақ-Терек» (Қостанай облысы) енеді.
Суперлига жолдамасы үшін Sigma Shymkent (Шымкент), «Павлодар», «Риха» (Қырғызстан) және Alga Express (Алматы) клубтарының мүмкіндіктері жоғары.
Айта кетерлігі, жоғарғы лига клубтары арасында Суперлигаға екі жолдама сарапқа салынады.