• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда транзиттік контейнерлік тасымал көлемі өсті

456 рет
көрсетілді

Қазақстан арқылы өтетін транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 1 млн жиырма футтық эквиваленті жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолына» сілтеме жасап.

Транзиттік пойыз миллионыншы контейнерді Қытайдың Сиань қаласынан Алтынкөл стансасына жеткізді. «KTZE Khorgos Gateway» құрлық портында темір жол көлігі тар жолдан кең жолға ауыстырылғаннан кейін контейнер Ақтау портына, одан әрі Каспий теңізі арқылы Түркияның Мерсин қаласына жөнелтіледі.

Контейнерді Сианьнан Мерсинге апаруға 17 күн кетеді. Екі ара - 9 мың шақырым.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 4,5 есе көбейген. Сарапшылар бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады деген болжам жасап отыр.