Бразилиялық кәсіпқой боксшы Эскива Фалькао Top Rank промоутерлік ұйымынан Головкинге қарсы жекпе-жек ұйымдастыруды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Эскива Фалькао бүгінге дейін де бірнеше мәрте отандасымыз Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. Енді ол күтпеген мәлімдеме жасап отыр. «Мен Геннадий Головкинді «зейнетке» шығарып салуға ниеттімін. Top Rank, мен сондай мүмкіндікті асыға күтіп жүрмін», деп жазды боксшы өзінің твиттердегі аккаунтында.