Бурунди елінің түрмесінде тұтанған өрт салдарынан 38 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Гитега орталық түрмесіндегі өрттен 38 адам қайтыс болды, сондай-ақ 12 адам тұншығып, 69-ы қатты зардап шекті», делінген Iwacu жергілікті басылымы жазған ақпаратта.
«Кем дегенде мың тұтқын ұсталатын түрмеде өрт таңғы сағат 4-те (Қазақстан уақытымен 08:00) болғандығы айтылады. Оқиға орнына «Қызыл крест» қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жедел жетті, бірақ олар ғимараттан жылдам қайтуға мәжбүр болды «Олардың жүзінен қасіреттің табы айқын аңғарылып тұрды», деп жазды басылым.