Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов соңғы шайқасында ангололық Манель Капеге қарсы октагонға шығып, бірінші раундта жеңіліс тапқан болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жекпе-жектен кейін қазақ спортшысының жарақат алғаны белгілі болды.
«Шайқастың бірінші минутында аяғымды сындырып алдым. Сегіз бұрышқа мұнан да күшті болып ораламын», деп жазды қазақ оғланы өзінің инстаграмдағы аккаунтында.