Бұл туралы «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев «Тәуелсіз Қазақстанның және оның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы» тақырыбындағы конференция барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
«15 желтоқсан күні елордада еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді. Оған ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін мамандар мен еңбек озаттары қатысады. Іс-шараның мақсаты - ел игілігі үшін салада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету. Президенттің атынан майдангерлерді құттықтау, мемлекеттік наградалар мен министрліктен наградалар табыс етіледі. Біз қарапайым шаруалардың еңбегін бағалап, олар туралы көбірек айтуымыз керек», деді Әли Бектаев.
Оның айтуынша, аталмыш форум биыл бесінші рет өткізіліп, оған 100-ден астам еңбек озаттары қатысады.
«Өткен жылы, пандемияға байланысты біз бәріміз үйде отырған кезде, шаруалар өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Олар пандемияға қарамастан, ел игілігі үшін үздіксіз жұмыс істеді. Өздеріңіз білетіндей, пандемияның салдарынан әлемнің әртүрлі елдерінде, әсіресе Еуропа елдерінде азық-түлік тапшылығы байқалды, бұл халықтың алаңдаушылығына себеп болды. Ал бізде азық-түлік тапшылығы болған жоқ. Бұл ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің арқасында», деп қосты сенатор.