• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Желтоқсан, 2021

Германияда Меркельдің орнына жаңа канцлер сайланды

324 рет
көрсетілді

Германияда дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа канцлер болып социал-демократ Олаф Шольц сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канцлер талқылаусыз жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін үміткер басым дауыс жинауы керек. Бұл Германия Федератив Республикасының қазіргі бундестагында 736 депутаттың кем дегенде 369-ы дауыс беруі керек дегенді білдіреді.

Ал Олаф Шольц 395 дауыс жинап алға шықты.

Германия Федератив Республикасы бундестагының төрағасы Бербель Бастың мәлімдемесіне сәйкес, дауыс беруге 707 депутат қатысып, үш бюллетень жарамсыз деп танылған. Шольцтың кандидатурасына 303 адам қарсы дауыс берген. Рәсімге сәйкес, бундестаг төрағасы Шольцке бұл дауыс беру нәтижелерін қабылдай ма деген сұрақпен жүгінді. Саясаткер келісетіндігін мәлімдеді.

Елдің ішкі тәртібіне сәйкес, Шольц Германия Федератив Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерден ресми тағайындау алуы керек, содан кейін ол ант береді. Кейін жаңа канцлер ресми түрде өз міндетіне кірісіп, президентке кабинет министрлерінің кандидатурасын ұсынады. Германияның жаңа үкіметінің бірінші отырысы сәрсенбіде кешке өтеді.

Олаф Шольц кейінгі үш жылда Меркель үкіметінде канцлердің орынбасары және қаржы министрі қызметін атқарған.