• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 10 Желтоқсан, 2021

Шарипова Ұлыбританияға жеңілу үшін келген жоқ – Эдди Хирн

171 рет
көрсетілді

Белгілі промоутер Эдди Хирн қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың Ұлыбританияға әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлордан жеңілу үшін келмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Фирузаның командасы мықты, байсалды адамдардан құралғанына күмәнім жоқ. Олармен жұмыс істеу оңайға соқпайды. Оның командасына біздің Фирузаны Кэтиден бөлек қонақ үйге орналастырғанымыз ұнамайды. Қонақ үйдің салқын екенін айтып шағымданды. Спорт зал мәселесінде де дау туындады. Қазіргі жағдайға байланысты қонақ үйлердегі спорт залдар жабық екенін білесіздер ғой.

Бірақ олар бәріне мұқият зер салады. Мен промоутер ретінде талай адамды күтіп алдым. Олар: «Жағдай жасағандарыңыз үшін рахмет» деген сөзден өзге әңгіме айтпайтын. Алайда Фирузаның командасының ұстанымы басқаша. «Біз бәрін дұрыс істеуіміз керек. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетуге тиіспіз. Сондықтан қандай да бір кішкентай кедергілер алдымыздан шықпауы шарт» деген ойда жүреді екен. Мұның өзі олардың Ұлыбританияға рингке шығып ақша табуға келмегендігін, тек қана жеңіске ұмтылатынын аңғартады», дейді промоутер.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынатын Кэти Тейлор мен Фируза Шарипова арасындағы кездесу 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні Ливерпуль қаласында өтеді.