• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 10 Желтоқсан, 2021

ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналым 52 млрд долларға жетті

416 рет
көрсетілді

2021 жылдың 9 айында Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы 52 млрд долларға жетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осы жылдың 9 айында өзара тауар айналымы 32,5 пайызға артып, 52 млрд долларға жетіп отыр. Бұл ковид пандемиясына дейінгі кезең көрсеткішінен 16,5 пайызға жоғары. Одақ елдері арасындағы экспорт көлемі де артты. Мәселен, Қазақстан экспорты көлемінің артуы 39 пайызды құрады.

Одаққа қатысушы басқа елдердің де экспорт көлемі цифрмен салыстырып қарағанда арта түскен. Бұл сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын, оның құрылымының жақсаруын және тисті салалалардың бәсекеге қабілеттілігінің артуын білдіреді», деді Қасым-Жомар Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалығын аяқтайтындығын атап өтті.