• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2021

Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталды

1763 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шенеунікті Атырауға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, пара тендерден «кері қайтару» бойынша алынуы мүмкін.

Б.Хаменоваға қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі («айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір шенеуніктен Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ғимаратында жауап алынуда.