Екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой рингте уақытында үш салмақта топ жарған украиналық былғары қолғап шебері Василий Ломаченко өзінің арманы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Менің ең басты арманым – жеңіл салмақ дәрежесінде әлемнің абсолютті чемпионы атану. Сол себепті де мен әзірге өзге салмақ дәрежесіне ауыспаймын. Болашағым туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені бәрі Ричард Коммиге қарсы жекпе-жекке байланысты. Осы шайқас өткеннен кейін болашақ туралы асықпай жоспар құруға әбден болады», дейді даңқты боксшы өз ойымен бөлісіп.