• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 10 Желтоқсан, 2021

Василий Ломаченко: Арманым – абсолютті чемпион атану

170 рет
көрсетілді

Екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой рингте уақытында үш салмақта топ жарған украиналық былғары қолғап шебері Василий Ломаченко өзінің арманы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің ең басты арманым – жеңіл салмақ дәрежесінде әлемнің абсолютті чемпионы атану. Сол себепті де мен әзірге өзге салмақ дәрежесіне ауыспаймын. Болашағым туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені бәрі Ричард Коммиге қарсы жекпе-жекке байланысты. Осы шайқас өткеннен кейін болашақ туралы асықпай жоспар құруға әбден болады», дейді даңқты боксшы өз ойымен бөлісіп.