• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Желтоқсан, 2021

Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп мерт болды

522 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі токқа түсіп мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақталмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, департаменттің мәліметінше, қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», дейді ведомстводан.