Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген.
2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.
2015 жылдан 2020 жылға дейін — ҚР Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.