29 желтоқсанға жоспарланған IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA (Super) белбеуінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек коронавирустың омикрон штамының таралуына байланысты кейінге қалдырылғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді екі боксшы арасындағы ұзақ күткен кездесу келесі жылдың көктемінде өтпек. Бұл туралы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер хабарлады.
«Жапония тарихындағы ең үлкен жекпе-жектің кейінге қалдырылғаны бізге де оңай соққан жоқ. Генаның командасы ретінде біз бұл шайқасты асыға тосқан болатынбыз. Бұл жекпе-жек алдағы жылдың көктемінде өтеді дегенге сенеміз. Әзірге қай айдың қай күнінде ұйымдастырылатынын тап басып айту мүмкін болмай тұр. Мүмкіндік болса бұл бокс кешін жедел ұйымдастыратын боламыз», дейді промоутер.