• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 13 Желтоқсан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

308 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан бірнеше азаматтың қаза болғандығына байланысты АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз», делінген Президенттің жеделхатында.