• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Әдебиет 14 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік монументі

1037 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тә­уел­сіз­дігінің бес жылдығына орай Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы қаласында Республика алаңында Тә­уел­сіздік мону­ментін ашқан кезде туған ой.

Айы туып, жұлдыз,Күні жанған ЕЛ,Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ЕЛ.Мәңгі тірі, мәңгі Азатсың, қазағым,Мұндай ұлы монументті салған ЕЛ.

Ұлы өнер алдына кеп бас ұрдық, Осындайдан көрінеді асылдық.Алатаудың мойнына әкеп ілгендей Азаттықтың бойтұмарын ғасырлық!

Күнім келді ақының боп толғайтын,Сезім кештім өмірбақи болмайтын. Қорамсаққа қолды салсаң – үш жебе Қазағымның тұтастығын қорғайтын. Жан-жағынан жақсылары қалыспай,Хан болған соң Азаматым арыстай.Алтын Адам — ата-бабам көзі бұл, Канаттанып жауға шапқан барыстай.

Келер Күнге самғауыма — жыр қанат, Ескерткішті көрсең көзің нұрланад.Мен сияқты Алатауым толғанып, Ескерткішке тебіреніп тұр қарап!

Тауым, Дала, Теңізім де толғатып,Бір өнерін болашаққа жолдатып,Қазақ өзі бақ-бірлігін паш етті,Мұндай Ұлы ескерткішті орнатып.

Тәуелсіздік жол басталды, Тәуекел, Құлдық деген Адамзаттың жауы екен. Тәуелсіздік Ескерткіші алдында,Жаңа туған немеремді тәу етем!

Қақтым қазық қосыл бәлкім, қосылма, Қызғанатын дұшпаның да, досың да, Ғасырлардың көзі келіп түйісті, Ескерткіштің құдіреті осында!

Бауырларша құшақтасып сүйісіп,Келдік бірге қанымызды құйысып.Келер ұрпақ қарар бәлкім дәл біздей, Ескерткіште жанарымыз түйісіп.

Жетті Күнім, жетті қанат талдырып, Ғасырларға даусым жетер жаңғырып. Тәуелсіздік ескерткішке ант етем,Мен – Қазақпын! Мен Азатпын мәңгілік!

Куанғаннан күлерміз де, жылармыз, Тіп-тік ұшып жете алмайтын шығар құс. О, Тәңірім, бір өзіңе бас ием,Қазақ болып туғаныма мың алғыс!

Келешекке құс боп қанат қақты Адам, Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам! Тәуелсіздік монументі алдында,Қазақ болып туғаныма мақтанам!

 

Шөмішбай САРИЕВ

1996 жыл