• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 15 Желтоқсан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елбасы әлем тарихынан мәңгі орын алады

474 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасының әлем тарихындағы орны туралы атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде әлем тарихынан мәңгі орын алады. Тұңғыш Президентіміз – жаһан жұртының алдында ұлт мүддесін қорғай білген көреген саясаткер, қиыннан қиыстырып тосын шешімдер қабылдай алатын жасампаз реформатор. Осындай бірегей қасиеттің бәрі бойына тоғысқан біртуар тұлғасы бар қазақ бақытты халық»,  деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік күні – қазақ халқының өз мемлекеттілігі үшін жүргізген көп ғасырлық күресінің нәтижесі, халық табандылығының, болашаққа деген ұмтылыстарының жарқын көрінісі.

«Тәуелсіздік бізге сыйлық ретінде немесе кездейсоқ келген жоқ. Тәуелсіздік құндылықтары ұлт тарихының көптеген ғасырлық шежіресінен қалыптасты. Біздің халқымыз әрқашан мемлекеттілік идеясына мұқият қарады, өйткені тәуелсіз мемлекеті бар ұлт тарихи тұрғыдан табысты ұлт деп саналады. Өйткені ол даму жолын өзі таңдайды», деді Перзидент.