Amazon қызметтері мен Twitch платформасын қолданып жүрген бірқатар елдердің пайдаланушылары танымал интернет-ресурстардың істен шығуына байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Downdetector мәліметтері бойынша, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция және Испания елдеріндегі пайдаланушылар Amazon және оған тиесілі сайттардың жұмысына шағымданған. Twitch жұмысындағы ақауларға ресейлік пайдаланушылардың да өкпесі қара қазандай.
Amazon, Amazon Web Services және Twitch пайдаланушыларының көпшілігі сайттардың жұмысына және серверге қосыла алмағандары үшін шағымданған. Сонымен қатар, Amazon-да тапсырыстарды төлеу және растау мәселесінде де қосымшаның жұмысында айтарлықтай қиындықтар туындаған.