2021 жылдың 17 желтоқсанында Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясының Алматы – Абу-Даби бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ашылу салтанатына Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков, Wizz Air компаниясының басқарушы директоры Абу-Даби Кис Ван Шайк, Қазақстандағы уақытша сенімді өкіл және т. б азаматтар қатысты. Ұшулар әуе компанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, дүйсенбі және жұма күндері A320/321NEO ұшақтарында аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.Бір жақты әуе билеті таңдалған күнге байланысты бір бағытқа 50 еуродан басталады.Қазіргі уақытта әуе компаниясы 15 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды: Ресей (Мәскеу, Краснодар), Украина (Киев, Одесса), Оман (Маскат), Бахрейн (Манама), Египет (Сохаг, Александрия), Израиль (Тель-Авив), Грекия ( Афина), Грузия (Кутаиси), Сербия (Белград), Армения (Ереван), Әзірбайжан (Баку), Албания (Тирана), Босния және Герцеговина (Сараево).Әуе компаниясы өзінің маршруттық желісін ұдайы кеңейтіп отырады, бұл қазақстандық жолаушыларға жаңа бағыттарға қолжетімді бағамен жетуге мүмкіндік береді.
Жаңа әуе бағыты Қазақстан тұрғындары мен қонақтарына Wizz Air Abu Dhabi ұсынатын барлық жеңілдіктер мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.