Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қазақстандық споршы жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 87 килодан жоғары салмақта сынға түскен Айзада Мүптілда әлемдік сынды төртінші орынмен тәмамдады. Ол жұлқа көтеруде 120, серпе көтеруде 152 килоны еңсерді.
Қоссайыс нәтижесі бойынша Айзада 272 килоны көтеріп, төртінші орынға табан тіреді.