«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан командасының ойыншысы Даррен Диц мәскеулік клубқа ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Канадалық хоккейші енді мәскеулік ЦСКА-ның намысын қорғайды.
Мәскеуліктер қазақстандық клубқа қосымша қаржы төлейтіні де анықталды.
Даррен Диц «Барыс» сапында бес маусым бойы ойнады. Ол жалпы ҚХЛ-дағы 269 кездесуде 174 (67+107) ұпай жинаған.