Ақтауда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелін кесіп өткен балалы әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Lada.kz сайты жазады.
«Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады облыстың полиция департаменті.
Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, кейін ол да қайтыс болғаны белгілі болды.
Аталған дерек қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.