Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен 24 желтоқсан күні елордада түркі халықтары әдебиетінің дарабоздары Низами Ганжауидің 880, Әлішер Науаидың 580 жылдығы, Юнус Эмренің дүниеден өткеніне 700 жыл толуына орай «Шығыстың шоқжұлдыздары» атты іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия басшылары, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.
Тағылымды шара аясында академия тарапынан басып шығарылған Низами Гәнжауи, Әлішер Науаи, Юнус Эмре кітаптарының тұсаукесері және бірқатар азаматтарды марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарланған.