Түркияда төлқұжатын сатқан АҚШ консулдығының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Риа новости-ге сілтеме жасап.
Келтірілген деректерге сенсек, Бейруттағы АҚШ консулдығының қызметкері өзгеге «қамқорлық» жасағысы келген. Ол Германияға ұшпақ болған сириялық азаматқа өзінің төлқұжатын сатқан кезде ұсталған. Қазіргі таңда төлқұжатын саудаға салған азамат қамаққа алынған.