UFC президенті Дана Уайт ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Ян мен америкалық Алджэмейн Стерлинг арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Петр Ян мен Алджэмейн Стерлинг октагонда екінші мәрте кездеседі. Өз басым бұл шайқасты асыға күтіп жүрмін. Осы аптада біз тиісті тұлғалармен кездесіп, жекпе-жек уақытын белгілейтін боламыз. Қысқасы, біздің ұйым жаңа жылда жанкүйерлерге керемет кездесулер ұсынуға дайын», деді ол.