• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Желтоқсан, 2021

Триатлон федерациясы жылдың үздік спортшыларын атады

214 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан триатлон федерациясының ресми марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Жыл серпілісі - үздік спортшы» номинациясымен Чолпон-Атада спринтерлік дистанцияда Азия чемпионатының күміс жүлдегері, суперспринттік, спринтерлік және стандартты дистанцияларда триатлоннан Қазақстанның абсолютті чемпионы, сондай-ақ Pro санатында TEMIRADAM кубогінің жеңімпазы Екатерина Шабалина марапатталды.

2021 жылғы спринтте Азия чемпионы, ұлттық рейтингтің абсолюттік көшбасшысы, Pro санатында TEMIRADAM кубогының жеңімпазы, ұлттық құраманың мүшесі Дарын Қонысбаев екінші рет «Жыл спортшысы» атанды.

«Жыл жаттықтырушысы» ретінде Ақмола облысының жас триатлеттерін тәрбиелеп отырған Каролина Гидич танылды. Чолпон-Атадағы құрлықтық біріншілікте Гидич тәрбиеленушілері бүкіл құрмет подиумын жеңіп алды.