• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін

532 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында 24-27 желтоқсан аралығында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сол сияқты ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.