• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Желтоқсан, 2021

Алматы облысында көктайғақтан 17 көлік соқтығысты

214 рет
көрсетілді

Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының 134-135-шақырымында көктайғақтан 17 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлер  түсірген бейнежазбаларда автомобильдердің бірін-бірі соққаны көрінеді. Өйткені жол көк мұз. Көліктер тоқтай алмай жатыр.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 11 адам Шелек аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендер Панфилов, Ұйғыр және Райымбек аудандарының тұрғындары.

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 3 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Дәрігерлер көмегіне жүгінген 6 адам амбулаторлық ем алуға жіберілсе, тағы 2 адам қосымша тексеруге бағытталды.

Қазіргі уақытта қалың тұманға байланысты Алматы-Қорғас тас жолы жабылды.